ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Астанада полицейлер қатары 100-ден аса жас қызметкермен толықты 

Тәртіп сақшыларының жұмысына жаңадан қосылғандардың ішінде учаскелік полиция инспектор­лары, жедел уәкілдер, криминалистер, анық­таушылар бар.

Фото: mvd.gov.kz
Фото: mvd.gov.kz

«Бұл – өмірлеріңіздегі ең бір есте қаларлық күн. Бүгіннен бастап ішкі істер органдарының толық құқылы қызметкерісіздер. Өз таңдауларыңызды мақтан тұтыңыздар! Қазақстан Рес­публикасының Конституциясын қатаң сақтап, кез келген жағдайда мемлекет заңнамаларын бұзбайтын елге адал азамат болыңыздар!» деді Астана қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров.
Жас мамандарды қызметке қабылдау салтанатында сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында тақырыптық фильмдер көрсетілді. Сондай-ақ, жаңа қызметкерлер Астана қаласы ІІД ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары отставкадағы милиция полковнигі Александр Князевтің әңгімесінен көптеген қызықты жайттарды естіп, қазіргі және өткен кезеңдердегі қызмет атқарудың айтарлықтай ерекшеліктері туралы ой бөлісті.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button