Астанада қанша балабақша жетіспейді?
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздегі балабақшалардың жағдайын айтты, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz.
“Былтыр 66 мыңнан аса орынға 613 балабақша ашылды, ал 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші 91,5 пайызға дейін өсті. Биыл бұл көрсеткішті 92,5 пайызға дейін арттыру жоспарланып жатыр. Астанада әлі де балабақшалар жетіспейді. Бүгінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 81 пайыз”, – деді Бейсембаев елордада өткен педагогтер форумында.
Ал мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға кезекте тұрған балалар саны – 57 283 адам.
“2025 жылға дейін бұл мәселені шешу үшін 10 балабақша ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 97 мың бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Оның 11 712-сі астананың балабақшаларында”, – деді министр.