Елорда тынысы

Астанада қар тазалауға 2,1 мыңнан аса жол жұмысшысы шықты

Өткен түнде коммуналдық қызмет мамандары қаладан 37,5 мың текше метр қар шығарды. Олар тәулік бойы бірнеше ауысымда жұмыс істейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

22 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмыстарына 1,3 мыңнан астам арнайы техника және 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.
21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түні елордадан 34 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2,9 мың ауыр жүк көлемінен асады.
Қыс басынан бері полигондарға 367 мың рейс 5 млн текше метр қар шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарғ, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Сонымен қатар коммуналдық қызмет мамандары тротуарларды мұздан қолмен тазартады.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 22 ақпанда елордада жауын-шашынсыз, күн бұлтты болады. Оңтүстік-шығыс жел екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -30-32, күндіз -16-18 аяз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button