Қоғам

Астанада «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» фестивалі өтті

Астана қаласының Білім басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты республикалық аймақтық фестиваль өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға Астана қаласының педагогтері және Ақмола облысы, Қарағанды облысы, Жамбыл облысы, Батыс Қазақстан облысының педагогтері мен білім алушылары, республика көлеміндегі С.Сейфуллин есімі берілген білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқушылары, ЖОО оқытушы профессорлары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты.

Фестиваль аясында ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеуші ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлерінің құнды пікірлері тыңдалып, педагогтер мен білім алушыларға арналған байқаулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Республика көлеміндегі С.Сейфуллиннің есімі берілген мектептердің ерекшеліктері және Сакен мұражайлары мен кабинеттерінің білім алушылар мен педагогтердің шығармашылық және зияткерлік қабілетін арттырудағы құндылықтарын дәріптейтін телекөпір өтті.

«Бүгінгі іс-шарамыз Оқу-ағарту министрінің 2024 жылы 30 шілдедегі №194 бұйрығына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Мұндағы мақсат – Сәкен Сейфулиннің шығармашылығын, әдеби мол мұрасын жаңғырту, насихаттау, талантты, шығармашыл оқушыларды анықтап, педагогтердің тәжірибе алмасуына көмектесу», – дейді Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының басшысының орынбасары — Жангелді Әмірғалиев.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button