Ел тынысы

Астанада қазақ-тай ынтымақтастығы талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Джаккапонг Сангмани бастаған тай делегациясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тай делегациясының құрамына тамақ өнеркәсібі, денсаулық сақтау, білім беру және консалтинг сияқты салаларды қамтитын 10-нан астам кәсіпкерлер кірді.

Келіссөздер барысында тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен одан әрі дамыту келешегін талқылады. Тай делегациясының мүшелеріне еліміздегі инвестициялық ахуал мен сауда ынтымақтастығының перспективалары таныстырылды.

Тараптар 2022 жылмен салыстырғанда (270,6 млн АҚШ долл.) 36% өсіп, шамамен 370 млн АҚШ долларын құраған 2023 жылғы өзара тауар айналымының рекордтық көрсеткішін атап өтті.

Делегация басшылары өзара сауданы нығайтуға мүдделік танытып, ауыл шаруашылығы, туризм, медицина, энергетика және тамақ өнеркәсібі бағыттары бойынша инвестициялық ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуеті бар туралы пікір білдірді.

Іс-шара қорытындысы бойынша «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы (QazTrade) мен Таиландтың Сауда кеңесі арасында Сауданы дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button