Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» өткізілді
Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебіне» республиканың барлық өңірлерінен жастар көшбасшыларын жиналды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қатысушылар жасанды интеллект және оны өмірде қолдану, мәдени кодты қалыптастыру, вербалды емес тұлғааралық қарым-қатынас өнері және басқа да трендтегі тақырыптарды талқылады.
Сондай-ақ, мектеп шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың қатысушылармен кездесуі өтті. Онда ҚХА жастары жұмысының одан әрі бағыттары, алдағы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар айтылды.
Креативті бастамаларды дамыту және өңірлерден жастарды барынша тарту, жұмысшы жастармен өзара іс-қимыл жасау, студенттік ассамблеяларды дамыту жобалары талқыланды.