Елорда тынысы

Қазақстан мен Нидерландының ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастығының келешегі талқыланды

Астанадағы Нидерланды Елшілігінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ФАО, ҰАҒББО, Қазақстанның Нидерландыдағы Елшілігі, Kazakh Invest және Нидерланды елшілігі өкілдерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қатысушылар ауыл шаруашылығы және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттарын талқылады. Күн тәртібінде ФАО мен Нидерланды-Қазақстан жұмыс тобының климаттық және ауыл шаруашылығын интеграциялау жөніндегі бірлескен бастамаларына ерекше назар аударылды.

ҚР АШМ тұрақты азық-түлік өндірісі саласындағы өз басымдықтарын ұсынды, ал Нидерланд тарапы климаттық өзгерістерді ескере отырып, азық-түлік жүйелерін дамыту тәжірибесімен бөлісті.

Сәуір айында Астанада өтетін Grow Expo 2025 халықаралық көрмесі аясында өтетін Нидерланды-Қазақстан жұмыс тобының үшінші отырысына дайындықты талқылау басты тақырыптардың бірі болды. Осы іс-шара барысында ФАО қазақстандық және Нидерландтық мүдделі тараптармен дөңгелек үстелге қатысады, бұл тәжірибе алмасу және ауыл шаруашылығында инновациялық шешімдерді ілгерілету үшін бірегей платформа болады.

Кездесу тұрақты болашақты қамтамасыз ету және Қазақстан мен Нидерланды арасындағы екіжақты қатынастарды нығайту үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button