Астанада «Қазақстан отбасылары» атты Ұлттық баяндама таныстырылды
Астанада «Қазақстан отбасылары – 2024» ұлттық баяндамасының таныстырылымы өтті. Іс-шараға орталық мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастық өкілдері, халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ мүшелері, сондай-ақ отбасы, гендер және демографиялық саясат саласындағы зерттеушілер қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Ұлттық баяндаманы Қазақстанның қоғамдық даму институтының сарапшылары дайындады. Құжатта отбасыны жоспарлау, репродуктивті белсенділік, қазақстандықтардың некеге тұруы мен ажырасу көрсеткіштері сияқты тақырыптар қамтылған. Сонымен қатар құндылықтардың, зиянды әдеттердің, тәуелділік пен әлеуметтік желілердің отбасылық қатынасқа әсері талданған.
Баяндамада Қазақстандағы отбасы саясатын жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар да бар.
Ұлттық баяндаманы әзірлеу барысында 3000 адамнан сауалнама алынып, 50 сұхбат жүргізілді, Ұлттық статистика бюросы мен мемлекеттік органдардың деректері пайдаланылды.