Астанада референдум күні 53 сәби дүниеге келді
Кеше елордада 53 нәресте дүние есігін ашты. Бұл ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұсынып отыр, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
«2024 жылғы 6 қазан күні қаланың үш перзентханасында 53 сәби дүниеге келді. Оның 35-і – ұл, 18-і – қыз», – делінген басқарманың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетсек, Астанада кеше сағат 00:00-ден 15:00-ге дейін 39 нәресте өмірге келді, оның ішінде 29-ы – ұл және 10-ы – қыз. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.
Нәрестелер мен олардың аналары жақсы жағдайда және тиісті күтім көрсетіліп жатыр. Референдум күні елорданың медициналық мекемелері акушерлік бөлімшелердегі әйелдерге дауыс беру мүмкіндігін ұйымдастырды. Арнайы сайлау учаскелері тікелей ауруханаларда ашылды, бұл жүкті және босанған әйелдерге медициналық мекемелерден шықпай-ақ таңдау жасауға мүмкіндік берді.
Еске сала кетсек, елімізде 2022 жылғы 5 маусымда өткен республикалық референдумда елордада 65 нәресте дүние есігін ашқан еді.