Мәдениет

Астанада Retro концерт өтеді

Елордадағы  «Жастар» сарайында «RETRO CONCERT» атты қазақ эстрадасының танымал ретро әндерінің кеші өтеді, деп хабарлайды  astana-akshamy.kz. 

Концертте «Qazyna» вокалдық ансамблі мен «Meirband» аспаптық ансамблі өнер көрсетеді. «Qazyna» вокалдық ансамблі 2012 құрылды. Ансамбль 12 кәсіби әншілерден тұрады, олардың көпшілігі – Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары. Жобаның бірегейлігі – ең күрделі композицияларды тек a’capella дауыстарымен орындайтындығында, сонымен қатар әр түрлі ырғақты конфигурациялардағы ұрмалы аспаптардың дыбысын өз дауыстарымен ауыстырады. Репертуарда классика мен халық музыкасынан бастап джаз және поп-шығармаларға дейінгі әр түрлі жанрдағы туындыларды орындайды.

«Qazyna» вокалдық ансамблінің жетекшісі Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының доценті, композитор, дирижер, хормейстер Ғалымжан Берекешев.

«Meirband» ансамблі – аты аңызға айналған Дос-Мұқасан ансамблінің альма-матері Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенттерінен 2022 жылы құрылды. 2022 жылы Дос-Мұқасанның 55 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген фестивальда 1-орын лауреаты атанды. Ансамбль репертуарында ретро әндерден бастап заманауи танымал әндерге дейін 60-қа жуық ән бар. Көркемдік жетекшісі Жамбыл Құлесов.

Концертте  Дос-Мұқасан, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуовтің танымал ретро хиттері мен қазақтың халық әндері акапелла және аспаптық қостаумен орындалады!

24 ақпан сағат 19:00-де Республика даңғылы 34 мекенжайындағы Жастар сарайында өтетін Ретро концерт бағдарламасы:  

  1. «Қайдасың» – муз: М.Молдабеков, слова: Б.Жұмаділов
  2. «Су тасушы қыз» – муз: Б.Байқадамов, слова: Н.Шакенов
  3. «Назқоңыр» – казахская народная песня
  4. «Ғащық жүрек» – муз: М.Құсайынов, слова: Ш.Сариев
  5. «Мұнайма» – муз: Ә.Бейсеуов, слова: О.Әубәкіров
  6. «Мен деп ойла» – муз: Т.Мұхамеджанов, слова: М.Мақатаев
  7. «Ғашықтар әні» – муз: М.Құсайынов, Т.Молдағалиев
  8. «Асыл ана» – муз: К.Дүйсекеев, слова: Ш.Сариев
  9. «Ләйлім шырақ» – муз и слова: Біржан сал
  10. «Әнім сен едің» – муз: Ш.Қалдаяқов, Т.Молдағалиев
  11. «Өмір-өмір» – муз: К.Дүйсекеев, слова: Ш.Сариев
  12. «Молдабай» – песня Молдабая
  13. «Все равно ты будешь мой» – муз: А.Зацепин, слова: Л.Зацепина
  14. «Өкінбе сен» – муз: К.Дүйсекеев, слова: Ш.Сариев
  15. «Қарағым-ай» – муз: К.Дүйсекеев, слова: Ш.Сариев
  16. «Саржайлау» – муз: Н.Тілендиев, слова: М.Мақатаев
  17. «Сағындым сені» – муз: Е.Хасанғалиев, слова: Б.Тәжібаев
  18. «Құдаша» – казахская народная песня
  19. «Той жыры» – муз: Д.Сүлеев, слова: Ұ.Сыдықов
  20.  «Алматы түні» – муз: Д.Сүлеев, слова: Т.Молдағалиев
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button