Қоғам

Астанада самбодан Әлем чемпионаты өтеді

ҚР Самбо федерациясының бас хатшысы Ерназар Бексұлтановтың айтуынша, федерацияның алға қойған басты мақсаттарының бірі – Әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткізу, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Осы додада спортшыларымыз жоғары деңгейде нәтиже көрсетіп, көк байрағымызды көкке желбіретіп, Әлем чемпиондары шығару, ал, келер жылы клубтық системаны дамытып, жастар, жасөспірімдер және кіші жасөспірімдер санын көбейту, бүлдіршіндерді спортқа баулуды жоспарлап отырмыз. Себебі, спортты дамыту оның ішінде самбо спорт түрін дамыту федерациямыздың басты мақсаттарының бірі болып қалмақ», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, ҚР самбо федерациясы бірқатар жұмыс атқаруда. Бүгінде елімізде 43 мыңға жуық спортшы бар. Самбо күресінен тұңғыш Әлем чемпионаты 1973 жылы Иран астанасы Тегеран қаласында өткен. Сол жылдан бері 46 рет еліміздің жалауы әлемдік ареналарда көтерілген.

«Біздің спортшылар алдағы Әлем чемпионатында да есе жібермей, боз кілемде барын салып, алтын медальді қоржынға салады деген үміт бар», – деді ҚР Самбо федерациясының бас хатшысы.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button