SportЖаңалықтар

Астанада шағын футболдан Қазақстан чемпионы анықталды

Әуесқой футбол лигасы аясында өткен IV Қазақстан чемпионатында елордалық «Сайран» командасы жеңімпаз атанды.

43t4348t943498t

Үш күнге жалғасқан жарыста еліміздің барлық аймақтарынан 21 команда бақ сынаған еді. Алдымен топқа бөлініп ойнаған командалар арасынан үздіктер ғана келесі айналымға өтті. 2015 жылғы чемпион «Есіл» сауда үйі» командасы бұл жолы ширек финалдан аса алмады. Есесіне тағы бір астаналық «Сайран» командасы өте жақсы ойын өрнегін көрсетіп, республикалық жарыстың жеңімпазы атанды.

Жартылай финалда «Сайран» Павлодар қаласынан келген «Қуат» командасынан басым түсті. Ал екінші жартылай финалда да елордалық команданың жолы болды. Атап айтқанда, AFC «BIRLIK» командасы Алматы атынан сынға түскен «Recom Kazahstan» командасын 2:1 есебімен ұтты.

Осылайша, финалда екі астаналық әуесқой футболшылар командалары кездесіп, «Сайран» 3:0 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button