Ел тынысы

Астанада спорттың 173 түрі дамытылуда

Елорда аумағында спорт ұйымдарының қызметін үйлестірумен айналысатын Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының  күнтізбелік жоспарына сәйкес осы жылдың жартыжылдығында қалада 303 спорттықбұқаралық ісшара өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оның ішінде халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шаралар – 33, республикалық деңгейде – 62, қалалық деңгейдегі спорттық-бұқаралық іс-шаралар – 208. Жалпы қатысушылар саны – 172 мың адам.

Аталған басқарма дене шынықтыру және спорт саласында өз қызметін 19 ведомстволық бағынысты мекеме жүзеге асырады. 10 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы», олимпиадалық спорт түрлері және олимпиадалық емес спорт түрлері дирекциясы, олимпиадалық резервті дайындау орталығы, «Дәулет» спорт комбинаты, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы, спорттық медициналық орталық, «Арғымақ» ат спорты сауықтыру кешені және жаңадан ашылған мемлекеттік спорттық тапсырысты жүзеге асыру дирекциясы. Бүгінде басқармада осы жұмыстарды ұйымдастырумен айналысатын 13 адам еңбек етелі.

– Қалада спорт және дене шынықтыру-сауықтыру бағытында 1081 ұжым қызметін жүзеге асырады, онда 551 692 адам жүйелі түрде дене-шынықтыру және сауықтырумен айналысады, бұл қала халқы жалпы санының 39,1%-ын құрады адам қатысады (2022 жылы жүйелі негізде дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны 501 340 адамды немесе 37,26% құрады). Оның ішінде 3-13 жас аралығындағы балалар саны 159 172. Ұжымдардың негізгі бөлігі қызығушылықтары бойынша, кәсіпорындарда, ұйымдарда, тұрғылықты жері бойынша әртүрлі дене шынықтыру-сауықтыру клубтарынан тұрады. Ұжымдар санының артуы жалпы білім беретін мектептер, орта арнаулы оқу орындары есебінен де орын алды. Әр түрлі сауықтыру кешендерінде фитнес-клубтар мен спорттық-сауықтыру қызметтерінің желісі кеңейді. Сондай-ақ, мемлекеттік спорттық тапсырыс есебінен қалада спорт ұйымдарының саны артты, – дейді басқарманың спорт бөлімінің басшысы Азамат Ағзамов.

Қазіргі таңда әкімдік жанынан 20 аула клубы жұмыс істейді, олардың негізгі қызметі қаланың балалары, жасөспірімдері мен жастарының бос уақытын қамтамасыз етуге бағытталған. Үйірмелер мен аула клубтарының секцияларына бару тегін негізде жүргізіледі. Сондай-ақ, қаланың 4 ауданында Астана қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар-жасөспірімдер орталығының дене тәрбиесі даярлығының балалар мен жасөспірімдер клубтары бар. ДТДБЖК қызметінің мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмысты дамыту, аудан мектептерінің оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие беру.

Елорда аудандары бойынша балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарының тәрбиеленушілерін қамту 700-ден астам баланы құрады (футбол, волейбол, баскетбол, көпсайыс және ұлттық спорт түрлері). Сондай-ақ, басқарма мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Қалада спорттың 30 түрі бойынша 945 секция жұмыс істейді, (2022 жылы спорттың 25 түрі бойынша 575 секция) 335 жеткізуші қызмет көрсетеді, оның ішінде 172 белсенді 3 мүмкіндігі шектеулі ерекше балалармен жұмыс істейді, сондай-ақ 26000 белсенді ваучер.

-Ең танымал секциялар-шахмат сияқты спорт түрлері 257 секциялар, дзюдо 112 секциялар, футбол 80 секциялар, көркем гимнастика 54 секциялар және каратэ 99 секциялар. Астана қаласында 173 спорттың түрі дамытылуда. Олардың ішінде олимпиадалық спорт түрлері – 49; олимпиадалық емес спорт түрлері – 50; ұлттық спорт түрлері – 12; мүгедектер спорт түрлері –55; техникалық спорт түрлері – 7. Олимпиадалық спорт түрлерінен ең көп таралған ойын спорт түрлері – баскетбол, стритбол, волейбол, футбол, шайбалы хоккей. Қазіргі уақытта дзюдо, бокс, велоспорт, жүзу, сияқты спорт түрлері танымал.  Қысқы уақытта шайбалы хоккеймен айналысатын контингент саны басқа қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен басым. Алайда, шорт-трек, шаңғы және конькимен сырғанау секілді спорт түрлері танымалдылыққа ие. Бұл спорт инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді. Олимпиадалық спорт түрлерімен айналысатын адамдардың жалпы саны – 149 531 адам, – дейді бөлім басшысы.

Олимпиадалық емес спорт түрлерінің арасында каратэ, джиу-джитсу, шахмат, панкратион түрлері танымал болып қалуда. Олимпиадалық емес спорт түрлерімен барлығы 383 787 адам айналысады. Ұлттық спорт түрлері бойынша ең көп тарағандары – тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату, жекпе-жек. Ұлттық спорт түрлерімен барлығы 11 963 адам айналысады. Басқарма халық арасында бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастырып оны өткізуден бөлек,  спорт түрлері бойынша қаланың құрама командаларын даярлайды және олардың республикалық және халықаралық спорт түрлерінде өнер көрсетуін қамтамасыз етеді.  Сонымен қатар, спортшыларға спорттық разрядтар береді, атап айтқанда, ҚР спорт шеберіне кандидат, 1-разрядты спортшы разрядтарын тағайындайды. Сонымен бірге біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі деген біліктілік санаттарын береді.

Жалпы қалада өтетін кез келген спорттық іс-шаралар «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР қолданыстағы Заңына және ҚР Мәдениет және спорт министрінің «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына сәйкес өткізіледі. Барлық спорттық жарыстар ең алдымен Астана қаласының спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына енгізіледі. Кез келген ірі спорттық жарыстардың ережесі алдын-ала тиісті мемлекеттік мекемелермен келісіліп бекітіледі. Басқарма тарапынан спорттық іс-шараларға қатысушылар мен көрермендердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қалалық қызмет көрсететін мекемелерін қамтитын жоспар-тапсырма жасалады, ол әкімнің орынбасарымен бекітіледі. Осылайша кез келген ірі спорттық жарыстарда Басқарма жалпы басшылықты қамтамасыз ете отырып, жарыстың жоғары деңгейде өтуі үшін өз құзыреті шеңберінде көмек көрсетеді.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button