Елорда тынысы

Студенттер үйі бой көтерді

Халықаралық жастар күнінде елордада Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне арналған жатақхана ашылды. Жаңа студенттер үйі 400 орынға есептелген.

Студенттер жатақханасының ашылуы салтанатына Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басшылық құрамы, қалалық мәслихат депутаттары мен Қазақстан студенттер альянсының мүшелері қатысты.

«Алты қабатты ғимарат оқу орнының аумағында, нақтырақ айтсақ Мағжан Жұмабаев даңғылында орналасқан. Нысан тиісті талаптарға толық сәйкес келеді. Корпуста заманауи жиһаздар, демалыс бөлмесі, ас үй, шағын кітапханалар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйесі, заманауи өрт сөндіру құралдары орнатылған. Студенттер үйінде екі және үш орынды бөлмелер бар. Әр студенттің жеке картасы болады. Жатақхана 25 тамыздан бастап студенттерді қабылдауға дайын. Жыл соңына дейін тағы 5 жатақхана ашу жоспарда бар» деді елордалық Жастар саясаты басқармасының басшысы Самат Ибраев.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Студенттер үйі» дирекциясының директоры Азамат Жұматаевтың айтуынша ғимарат мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалана отырып салынған.
«Жатақхана 1-курс студенттеріне арналады. Журналистика және саясаттану, экономика және заң факультетінің студенттері жатақханаға орналасу үшін құжаттарын тапсыра алады. Студенттер үйі қыздарға және ұлдарға арналған жеке 2 кіреберістен тұрады. Биыл тағы 2600 орындық жатақхана студенттерге берілетін болады. Осылайша студенттеріміздің 80 пайызы жатақханамен қамтылады» деп бөлісті А.Жұматаев.

Индира Бержанова

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button