“Таза Қазақстан” акциясы жалғасуда
Елорлада кезекті рет «Алматы» ауданы бойынша «Таза Қазақстан: Астана тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Алматы» ауданы әкімінің аппараты мен «АMANAT» партиясы бірлесіп өткізген бұл акция аясында, А1 көшесінің бойында орналасқан қар полигонын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.
– Бүгінгі іс-шара «AMANAT» партиясының белсенді мүшелері, мердігер ұйымдардың және жергілікті белсенділердің қатысуымен өтіп жатыр. Жалпы тазалық жұмысына 10 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды. Соның нәтижесінде 150 тоннадан астам қоқыс шығарылды,– деді Алматы ауданы әкімі аппаратының өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы Үсен Нұрғазы.
Айта кету керек ауқымды экологиялық акция аясында қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық орындар мен аулаларды тазалау жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
Шапағат ӘБДІР