Қоғам

Астанада төрт автобустың бағыты өзгерді

Астанада №1, №6, №11 және №85 қалалық автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Бұл туралы 30 наурызда CTS көлік компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

— Құрметті жолаушылар! Маршруттардың қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді, — делінген компанияның Instagram-дағы ресми парақшасында.

Өзгерістердің себептері мен олардың қанша уақытқа созылатыны туралы компания нақтыламады. Жолаушыларға маршруттарды жоспарлау кезінде бұл өзгерістерді ескеріп, жаңартылған ақпаратты бақылау ұсынылады.

Бұған дейін № 41 автобусының бағыты уақытша өзгеретіні хабарланған болатын.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button