Жаңалықтар

Астанада уақытша кейбір бағыттағы автобустардың қозғалыс сызбасы өзгерді

23 тамыздан бастап Жирентаев көшесінің Қ. Мұңайтпасов көшесінен Петров көшесіне дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты №3, 14, 18, 23, 31, 40, 73 бағдарлардағы автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

2р1в32р1в

№ 3 маршрут Мұңайтпасов көшесімен «Орбита» аялдамасына дейін өзгеріссіз жүреді, одан әрі Сәтпаев көшесі – Петров көшесімен жүреді, содан кейін Жирентаев көшесіне кірмей қазіргі қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.Кері бағытта да осы қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды.

№ 14, 18, 40 маршруттар Абылай хан даңғылының бойымен «Травматология және ортопедия институты» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі Қ. Мұңайтпасов көшесі –Сәтпаев көшесі және қазіргі қозғалыс сызбасы бойынша жүреді. Бұл бағдарлар да Жирентаев көшесіне кірмейді.

№ 23, 31, 73 маршруттар Мұңайтпасов көшесімен «Орбита» аялдамасына дейін өзгеріссіз, содан кейін қазіргі қозғалыс сызбасы бойынша тура жүреді. Сәтпаев – Петров –Жирентаев көшелеріне кірмейді.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталған соң аталған маршруттар бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша жүретін болады.

Толық ақпаратты 57-47-77 телефоны бойынша байланыс орталығынан алуға болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button