Басты ақпаратЖаңалықтар

Астанада «ЯРКОкросс» қайырымдылық марафоны өтеді

Шарадан түсетін барлық қаражат елорданы көгалдандыруға бағытталған жұмыстарға жұмсалады.

11111

23 шілдеде елордалық саябақта (кіру – Тұран даңғылы жағынан) «ЯРКОкросс» марафоны өтеді. Мерекелік жарыс сағат таңғы 10:00-де басталады.

Ұйымдастырушылар жүгіріс кезінде барлық қатысушыларға түрлі-түсті ұнтақ шашады. Сондықтан шараға ақ киім келу шарт. Айта кетейік, пайдаланылатын ұнтақ адамға зиянсыз әрі киімнен тез жуылады.

Ерекше спорттық шараға Астананың кез келген тұрғыны қатыса алады. Сайыс мақсаты – жеңіл әрі көңілді жаттығулар арқылы салауатты өмір салты мен спортты насихаттау.

«ЯРКОкросстың» басты ерекшелігі – ол қайырымдылық марафоны. Сондықтан шарадан түсетін барлық қаражат елорданы көгалдандыруға бағытталған жұмыстарға жұмсалады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button