Мәдениет

АСТАНАДА ЮНЕСКО КЛУБТАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ АКАДЕМИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР

5bdec324b944825d6715fd85a43

10-24 шілде аралығында Астанада елімізде тұңғыш рет ЮНЕСКО Клубтары шығармашылығының Академиясы өтеді. Бірегей жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының, ҚР Тұңғыш Президенті қорының және Қазақ Ұлттық өнер университетінің бастамасымен өткізілмек.

Жоба жастарды толеранттық рухта тәрбиелеу және мемлекеттің болашақ шығармашылық әлеуетін қалыптастыру мақсатында шығармашыл-дарынды өскелең ұрпақты қолдау мен дамытуға бағытталған.

Қазақстанның 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан 12-17 жас аралығындағы 100 үздік студент екі апта бойы білім беру бағдарламасынан өтеді. Жобаға көркемдік, музыкалық, хореографиялық, вокалдық өнер номинациялары бойынша алдын ала іріктеуден өткен 500-ден астам үміткер қатысады.

Өнер саласындағы жетекші мамандармен кәсіби сабақтардан басқа, бағдарламаға «әлем мәдениеті» мен жаһандық азаматтықты қалыптастыратын, көшбасшылық әлеуетті дамыту бойынша тренингтер мен шеберлік-сыныптар енгізілді.

astana.gov.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button