Ел тынысы

Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Елордада 11-13 наурыз күндері грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасында халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Халықаралық турнир Олимпиада және Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналады.

«Турнирге Қазақстан, Бельгия, Әзербайжан, Хорватия, Қырғызстан, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Украина және Тәжікстан балуандар қатысады. Беделді бәсекеде бозкілем шеберлері 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97 және 130 келі салмақта сынға түседі», — деп мәлім етті Қазақстан күрес түрлері федерациясының баспасөз хатшысы Аспандияр Есенжолов.

Дүбірлі дода биыл төртінші мәрте жалауын көтереді.

Оны ұйымдастырушылар қатарында ҚР Туризм және Спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қазақстан күрес түрлері федерациясы және қалалық спорт басқармасы бар.

Еске салсақ, Біріккен күрес әлемі (UWW) 2024 жылы Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілмеген салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионатын өткізеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button