Астанада «Жайлы мектептер» үш ауысымды оқыту мәселесін шешуде
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Астанада тағы бір жаңа мектеп пайдалануға берілді. 2024 жылдың желтоқсан айының соңында Әміре Қашаубаев көшесі, 28а мекенжайында орналасқан №33 орта мектеп ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бұл білім ордасы екі ауысымда 4000 оқушыны қабылдай алады.
Жаңа мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталған, мұнда балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.
Бұған дейін №69 мектеп-гимназиясында оқушылар үш ауысымда оқыса, жаңа мектептің ашылуымен бұл мәселе шешімін тапты. Үшінші тоқсаннан бастап оқушылар кең, заманауи және ыңғайлы мектепте білім алуда.
Оқу жылының басынан бері Астанада 24 жаңа мектеп ашылды, оның ішінде 15-і «жайлы мектеп» жобасы аясында салынған. Биыл тағы 7 жаңа «жайлы мектеп» салу жоспарлануда.
Ұлттық жоба білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға, үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін шешуге бағытталған.
____