Ел тынысы

Астанада «Жас ғалымдардың халықаралық форумы» өтеді

11-12 сәуір күндері Елордада Астана медицина университетінің ұйымдастыруымен «Жас ғалымдардың халықаралық форумы» өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Халықаралық жиынға Денсаулық сақтау министрлігі, Жоғары білім және ғылым министрлігі және «Ғылым қоры» АҚ қолдау көрсетіп отыр.

Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылып отырған іс-шара Астана медицина университетінің 60 жылдығы аясында өткізіледі. Халықаралық жиында шетелдік университеттер мен ғылыми ұйымдардың жас ғалымдары жиналып, саладағы өзекті теориялық және практикалық зерттеулерді ұсынады.

Форум жастардың арасында ғылымды дәріптеп, осы бағыттағы жетістіктер туралы пікір алысу платформасын құруды көздейді. Оның барысында жас ғалымдардың алдында тұрған өзекті мәселелер мен ауқымды міндеттер талқыланады. Алқалы басқосуға құрметті спикер ретінде ғылым саласында танымал бірнеше тұлға шақырылды.

Форумның негізгі бағыттары:

  • Хирургиялық және сабақтас пәндер;
  • Пациенттердің қауіпсіздігі;
  • Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау жүйесіндегі жасанды интеллект;
  • Терапевтік және сабақтас пәндер;
  • Акушерлік және гинекология;
  • Педиатрия;
  • Іргелі ғылымдар;
  • Гигиена, эпидемиология және экология;
  • Сәулелік терапия, сәулелік диагностика және ядролық медицина;
  • Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер;
  • Жұқпалы аурулар ересектер мен балалар;
  • Тамақтану және диетология.

Форумның бағдарламасында пленарлық және секциялық отырыстар, сондай-ақ негізгі баяндамашылардың қатысуымен (спикерлермен) болатын панельді пікірталастар қамтылған.

Аталған іс-шарада жас ғалымдардың DEMO DAY стартап жобалары өткізіледі.

Байқаудың қорытындысы бойынша үздік баяндамалар мен стартап жобалары марапатталады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button