Қоғам
Астанада жауған бұршақ 4 ұшақты зақымдады

Air Astana әуекомпаниясы рейстердің кешігуі мүмкін екендігі туралы хабарлады. Әуежайда дауылдың салдарынан төрт ұшақ зақымдалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, рейстер 8 тамызда Астанадағы дауыл мен бұршақ салдарынан кешігеді.
“Қазіргі уақытта әуекомпания бұршақ салдарынан төрт ұшақтың зақымдануын тіркеді. Әуекомпания инженерлері бірнеше күн қажет болатын қажетті тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді”, – делінген хабарламада.
Тасымалдаушы жолаушыларға қолайсыз жағдайдың алдын алу үшін әуежайға барар алдында ресми сайтты тексеруді ұсынды.
Фото Тұрар Қазанғапов