Қоғам

Астанада жеңіл атлетикадан турнир өтеді

Астанада 23 ақпан күні Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде әуесқойлар арасында жеңіл атлетикадан жыл сайын өтетін INDOOR RUN ASTANA 2025 турнирі ұйымдастырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Турнирдің басты мақсаты – жеңіл атлетиканы насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын дәріптеу.

Жарыс бағдарламасына мына қашықтықтар енеді: 600 м, 1000 м, 1 миль, 2000 м, 3000 м жүгіру, аралас эстафеталық жүгіру және критериум жарысы.

Турнирге еліміздің 10 аймағынан 25-тен астам жүгіру клубының 110-нан аса әуесқой спортшысы өтініш берді. Сондай-ақ, жарысқа Ресей Федерациясынан әуесқой спортшылар қатысады. Өткен жылдағыдай, зияткерлік даму ерекшеліктері бар жандар да турнирде өнер көрсетеді.

Ресми ашылу рәсімі – 09:30;
Жарыстың басталуы – 09:50.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button