Басты ақпаратЖаңалықтар

Астанада Жұмыспен қамту орталығының 3 өкілдігі ашылды

Мұнда жұмыс іздеушілерге мәліметтер базасындағы өзекті бос орындармен танысып, сұхбаттасуға жолдама алуға мүмкіндік бар.

п52в+9п5ва9+

Орталықта жастар практикасын, даярлау және қайта даярлау курстарын өту жағдайлары мен қажетті құжаттар жиынтығы туралы мамандардың кеңесін алуға болады. Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омардың айтуынша, өкілдіктер – жұмысқа орналаспаған азаматтардың қолайлығы үшін жасалып отыр.

«Өкілдіктердің ашылуы жұмысқа орналасу саласында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыз азаматтардың көбірек мөлшерін қамту қажеттілігінен негізделген. Ең бастысы, халыққа тұрғылықты жерінде мемлекеттік қызметтің осы бір түрін алу өте қолайлы», – деп есептейді Олжас Омар.

Жұмыспен қамту орталығының өкілдіктері – Тілендиев даңғылы бойында орналасқан «Рахмет» СҮ, Ақжол көшесінің бойындағы «Астықжан» СҮ және «Аружан» СОО ашылды.

Еске сала кетсек, осыдан бұрын орталықтың 2 өкілдігінің бірі – «Астаналық» базарда, екіншісі – «Гүлжан» СҮ өз қызметін бастаған болатын. Осылайша, қазіргі таңда Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының 5 өкілдігі ашылды.

Белсенді шараларды қолдану нәтижесінде Астана қаласындағы жұмыссыздық деңгейін Қазақстан бойынша ең төменгі 4,7% көрсеткіш шамасында сақтап тұруға қол жеткізілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button