Жаңалықтар

Астанада жыл басынан бері 6640 адам жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының көмегіне 8487 адам жүгінді. Олардың 4233-і тұрақты жұмыс орындарына орналастырылса, 1244 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

ав54р65в4а

Сонымен қатар, 623 жұмыссыз кәсіптік оқытудан өтіп, 435 бітіруші түлек жастар практикасына қатысып жатыр. Осыған қоса, 105 азамат әлеуметтік жұмыстарға тартылды.

Осылайша, жұмыс іздеген 8487 адамның 6640-ы, яғни 78,3 пайызы әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды.

Айта кетейік, қолға алынған шаралардын нәтижесінде әйелдер жұмыссыздығы 1,6 пайызға (6,3 %-дан 4,7 %-ға ), ал жастар арасындағы жұмыссыздық 0,4 пайызға (5,6 % -дан 5,2 %-ға) төмендеген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button