Басты ақпаратЖаңалықтар

Астанадағы коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Жаңбыр суын тазартуға бағытталған жұмыстарға 117-ден артық арнайы техника тартылды.

f673fcf6437cc877716ed70d321

Астанада тағы нөсерлетіп жауын-шашын жауды. Жаңбыр суы 14 мм, яғни бір айлық нормадан асып түсті. Түннен асып күндізге ұласқан толассыз жауған жаңбыр салдарынан коммуналдық қызметтер тәулік бойғы режимде жұмыс істеді.

Жаңбыр суын соруға бағытталған жұмыстарға 117-ден артық арнайы техника тартылды. Соның ішінде екі өрт сөндіру станциясы да болды.

«Толассыз жауынның суынан «Хан Шатыр» СОО ауданында орнатылған қосалқы сорғылардың есебінен Орынбор көшесін су басудың алды алынды. Жыл соңына дейін Керей мен Жәнібек хандар көшесі мен Тұран даңғылы, № 31 – Хусейн бен Талал көшелеріндегі №27 тазарту құрылысы пайдалануға беріледі» деді қауырт жұмыстың басында жүрген Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.

Қаланы жаңбыр суынан тазартуға байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қаланың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындығы жөнінде өткен бір жиналыста айтып, осы ретте қала басшылығына тапсырмалар жүктеген болатын. Осы орайда қаланың сол жағалауында жауын суын бұру жүйелері биылғы жылдың соңына дейін, ал жалпы қала бойынша үш жылдың ішінде орнатылатыны жоспарланған.

Осыған байланысты нөсер кәрізі жүйелерін дамыту жөніндегі жобаларды іске асырудың 2019 жылға дейінгі кестесі қайта қаралды.

Биыл екі тазарту құрылысын салудан басқа, Кіші Талдыкөлден Есіл өзеніне су жіберетін коллектордың және Сауран көшесіндегі Рысқұлов көшесінен №31 көшеге дейінгі нөсер кәрізінің құрылысын аяқтау, Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы дренажды-сорғы станциясын қайта жөндеу жоспарланып отыр.

Тиісті шаралар қаланың қарқынды дамып келе жатқан сол жағалауын су басу мәселелерін толық шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы қайта салынып жатқан аумақта су бұру жағдайларын жақсарту үшін Бейсекова көшесінде, Пригородный кентінде тазарту құрылыстары салынып жатыр, сондай-ақ, Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы тазарту құрылысы қалпына келтіріліп, 2018 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button