Басты ақпарат

Астанадағы «МУЗ тв» аламаны

rock-music

Кеше елімізде маңызы үлкен мәдени оқиға болды. Елордадағы «Астана-Арена» стадионында «Муз ТВ-2015. Гравитация» сыйлығын тапсыру салтанаты өтті. Оған отандық және Ресейден келген көптеген эстрада жұлдыздары қатысты.

Он жылдан аса Ресейде өтіп, ондағы шоу-бизнестің дамуына айтарлықтай үлес қосқан айтулы өнер аламаны биылғы жылы елімізде алғаш өтіп отыр. Сондықтан да дүбірлі доданы тамашалауға келген көрермен қарасы қисапсыз көп. Бәрінің де жүздерінен «қай әнші топ жарып, кімнің бағы жанғалы тұр?» деген ойды оқуға болады. Осындай ауқымды жобаны іске асырған Ресейдегі әйгілі «Муз ТВ» арнасының бас директоры, қандасымыз Арман Дәулетияровтың ерен еңбегін ерекше атап өткен жөн.
Өнерде ешқашан шекара болмайды. Қоңсылас қос мемлекеттің өнер бәйгесіне қосып, үміттерін үкілеп отырған әншілері де олқы емес. Барлығы жанды дауыста ән шырқап, көрермен көңілін көркем күйге бөледі. Осы жолы он бес аталым арасында «Үздік қазақстандық жыл әртісі» номинациясы бар. Бұған ие болу үшін ел ықыласына бөленіп жүрген отандық әншілердің қабілет-қарымы талқыға түсті. Сондықтан айтулы шарада кімнің бағы жанып, кімнің бәсі биік болғанын газеттің келесі санында сараптап бермекпіз. Сонымен, алты сағаттық эфирде 100 млн астам көрермен тамашалайтын ауқымды дода мен «Муз ТВ-ның» мұзбалақтарын анықтайтын бәсекенің шымылдығы түрілді.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button