Қоғам

Астанадағы ЖОО-да волонтерлік тақырыбында дәріс басталды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі студент жастардың қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық пен гуманизм құндылықтарын қалыптастыруға және дамытуға арналған ашық дәрістер циклін бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Осы бастама аясында еліміздің жоғары оқу орындарында қайырымдылық және волонтерлік ұйымдардың басшылары дәріс оқиды. Олар өз тәжірибелерін бөлісіп, волонтерлік істің маңызы туралы әңгімелейді.

Дәріс Астанада басталып, оқу жылының соңына дейін еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.

Айта кету керек, Қазақстанда 755 волонтерлік ұйым, 2 мың бастамашыл топ және 275 мың белсенді волонтер жұмыс істейді. Олардың ішінде 3,5 мың «күміс» волонтер яғни, 55 жастан асқан ерікті бар.

Өткен жылдың өзінде «Игі істер марафоны» жобасы аясында 7 000 игі іс жасалып, оған 50 мыңға жуық адам қатысты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button