Мәдениет

Астанадағы арайлы кеш

17 мамырда Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония мен «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблі «Өр Алтай» концерттік бағдарламасын ұсынады. Концерт ҚР Ұлттық әскери-патриоттық орталығының сахнасында өтеді.

Қазақ музыкасы жүздеген жылдар бойы Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр далада шыр­қалып келеді. Осы уақыт ішінде ол аймақтық, орындаушылық ерекшеліктеріне қарай бірнеше мектепке бөлінді. Ал олардың ішінде Алтай-Тарбағатай ән мәнері ерекше орын алады.

Тарихы терең осы өлкеде туып, осы өлкеге жан-тәнімен берілген дарынды ақын-сазгерлердің шығармашылығы жанды өлеңдермен, әуезді әндермен, сазды күйлермен көрініс тапқан. Әсерлі музыкада ең асқақ сезімдер, тыңдаушының жүрегін тебірентетін сарқылмас сағыныш және құдіретті махаббат бар. Ежелгі рухани қуатқа толы «Өр Алтай» кеші осының дәлелі болмақ.

Дәстүрлі ән кешінде халыққа кеңінен танылып жүрген, таң­дайынан жыр маржаны төгілген күміс көмей әншілер мен термешілер, музыканттар өнер көрсетіп, елорданы ән мен сазды әуенге бөлейді.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button