Жаңалықтар

Астанадағы 25 шілдедегі азық-түлік бағалары

Астана қаласының әкімдігі елордадағы азық-түлік түрлерінің  бағасына күнделікті мониторинг жүргізеді. Осылайша, қала билігі бағаның негізсіз өсуіне тосқауыл қоймақшы.

IMG_6270

Үкімет қаулысымен елімізде 18 тағамның түрі  әлеуметтік маңызы бар деп танылған. Олардың қатарына ет, жұмыртқа, дәнді-дақылдар, көкөніс, қант, күнбағыс майы, қара шәй, тұз және сүт өнімдері жатады.

Әлеуметтік маңызы бар  азық-түліктің сан алуан түріне байланысты, қала әкімдігі 33 тағам түріне бақылау жүргізеді. Бағалар Астана қаласының ірі және халық көп баратын сауда орындарынан алынады.

Әрине, қаладағы барлық дүкендерге, мыңдаған сөрелерге бақылау жасауға әкімдіктің мүмкіндігі жоқ. Сондықтан Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әсет Құрманғалиев  қала тұрғындарынан бағаның негізсіз өсуіне жол берген деректерді байқаған жағдайда 109 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Әсет Құрманғалиевтің айтуынша, бүгінде азық-түлік бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін  «Сапа нан» ЖШС, «Астық логистик» ЖШС және ірі қант жеткізуші «Мир круп» кәсіпорындарымен меморандум жасалған.

Естеріңізде болса, дәл осы мәселеге байланысты жұмысты жедел ұйымдастырумен шұғылданатын штаб құрылып, оған жеткешілік жасау қала әкімінің орынбасары Андрей Лукинге жүктелгенін мәлімдеген болатынбыз.

Жұмыс тобының құрамына қаржы, ауылшаруашылығы басқармасы, экономика және бюджетті жоспарлау басқарамасының өкілдері  және үш аудан әкімдігі кіреді.

Өткен аптада аталмыш штабтың төрағасы А. Лукин қаладағы бағаның өсу себептерін түсіндірген болатын. Оның айтуынша, нанның қымбаттауына шикізат бағасының өсуі себеп болып отыр.

Көтерме ұнның бағасының өсуіне өткен жылғы дақылдарға бөлінетін субсидияның тоқтатылуы әсер еткен. Күнбағыс майының қымбаттауына да шикізат бағасы кері әсерін тигізген. Тауық жұмыртқасы мен құс еттері  жем мен дәрілік айналымдардың бағасына байланысты қымбаттаған.

Бағаның өсуі туралы барлық деректердің себебін анықтауды тексеру үшін  Ауылшаруашылығы басқармасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің қалалық департаментіне хат жолдайды. Өз кезегінде монополистерге қарсы  қолданыстағы заң шеңберінде тексеру жүргізіліп, оның қорытындысын бірден жариялауға уәде берілді.

Астана қаласы Ауылшаруашылығы басқармасының қаладағы азық-түлік бағасына жүргізген күнделікті мониторингі

Әлеуметтік маңызы бар тауар түрлері 01.01.2016 ж.*

күнгі баға

25.07.2016 ж.

күнгі баға

Динамикадағы  %-дық өзгерістер 25.07 ден 01.01.2016 ж.
1 Күріш өңделген түрі, кг 240 305 27,1
2 Бірінші сорттағы бидай ұны, кг 123 144 17,1
3 Ұнтақ жармасы, кг 145 200 37,9
4 Қарақұмық жармасы, кг 290 360 24,1
5 Сұлы жармасы, кг 150 218 45,3
6 Арпа жармасы, кг 140 140 0,0
7 Тары, кг 250 250 0,0
8 Бидай наны, бірінші сорт, кг 109 133 22,0
9 Вермишель, кг 174 200 14,9
10 Кеспе, кг 174 190 9,2
11 Рожки, кг 175 205 17,1
12 Сиыр еті (жауырын-төс бөлігі), кг 1200 1348 12,3
13 Қой еті, кг 1190 1400 17,6
14 Тауық еті, кг 600 670 11,7
15 Құс еті, кг 540 620 14,8
16 Пастерленген сүт, майлылығы  2,5%, литр 191 195 2,1
17 Пастерленген сүт, майлылығы  3,2%, литр 210 210 0,0
18 Айран, майлылығы 2,5%, литр 205 225 9,8
19 Айран, майлылығы 3,2%, литр 215 250 16,3
20 Сүзбе, майлылығы 5-9%, кг 1360 1400 2,9
21 Ірімшік, қатты кг 1550 1650 6,5
22 Тауық жұмыртқасы I-II категория, ондық 240 280 16,7
23 Сары май, тұздалмаған, майлылығы 72,5% кем емес және өсімдік майы, кг 1331 1340 0,7
24 Сары май, майлылығы   49%, кг 680 686 0,9
25 Өсімдік-күнбағыс майы, литр 380 450 18,4
26 Қырыққабат, кг 80 80 0,0
27 Пияз, кг 68 99 45,6
28 Қызылша, кг 90 125 38,9
29 Сәбіз, кг 70 120 71,4
30 Картоп, кг 68 120 76,5
31 Қант-құмшекер, кг 220 298 35,5
32 Ас тұзы («Экстра»-дан басқасы), кг 48 51 6,3
33 Түйіршектелген қара шайы, кг 1610 2242 39,3
Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button