Ел тынысы

Астанаға Біріккен Араб Әмірліктерінің әскери делегациясы келді

Қазақстанға Біріккен Араб Әмірліктерінің әскери делегациясы келді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астанаға Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері әскери институты стратегиялық ғылымдар басқармасының бастығы бригадалық генерал Халифа Мұхаммед Сәлем Әл Каабидің басшылығымен келген делегация Ұлттық қорғаныс университетіне барды.

Шетелдік қонақтар университеттің оқу-материалдық базасымен танысып, Біріккен Араб Әмірліктерінің аудиториясында болды.

БАӘ әскери институтының оқытушылары Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары мен ҚР Қарулы күштері Бас штабы Аумақтық қорғаныс департаментінің әскери қызметшілері үшін мемлекеттің аумақтық қорғанысын ұйымдастыру мәселелері бойынша дәріс өткізді.

Сапар барысында шетелдік делегация Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайда болып, Қазақстан Қарулы күштерінің тарихымен танысты.

Іс-шаралар Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button