Қоғам

Астанаға былтыр қанша турист келгені белгілі болды

2024 жылы елорда 1,5 миллион туристі қабылдады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 14%-ға көп, деп хабарлайды astana-akshamy

Басқарма басшысының айтуынша, туристер негізінен Ресей, Қытай, Германия, Түркия, АҚШ және Оңтүстік Корея елдерінен келеді.

— Бизнес-туризм мен медициналық туризм қарқынды дамып келеді. Ерекше назар оқиғалық (ивент) туризмге бөлініп отыр. Сонымен қатар, гастрономиялық және мәдени-спорттық туризмге басымдық берілуде. Жалпы, 2024 жылы елордада 168 халықаралық деңгейдегі іс-шара өтті. Олардың қатарында ШЫҰ, ВИК, Automechanika, Enactus, Comic Con және басқа да маңызды шаралар бар. Биыл 300-ден астам мәдени-спорттық шара өткізу жоспарланып отыр, — деді ол елордада Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның сөзінше, Астанада туризмнің тұрақты дамуы үшін мынандай міндеттер қойылып отыр:

• халықаралық бизнес, оқиғалық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды тарту;
• медициналық және гастрономиялық туризмді дамыту мен ілгерілету.

Халел Әкімжанов атап өткендей, бұл іс-шаралар тек қаланың имиджін нығайтудың құралы ғана емес, сонымен қатар экономикалық өсім мен туристік саланың дамуына ықпал ететін маңызды фактор болып табылады.

— 2025 жылдың ақпан айында «Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығы өз жұмысын бастады. Оның басты мақсаты — Астананы Орталық Азиядағы іскерлік және оқиғалық хаб ретінде дамыту, — дейді Әкімжанов.

Осыған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылыс компанияларына қойылатын талаптар туралы жазды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button