Денсаулық

Астанаға екі перинаталдық орталық салу қажет

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов тиісті министрлік пен әкімдіктерге өңірлердегі перинаталдық орталықтардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту туралы тапсырма берді.

– Тағы бір маңызы мәселе – ана мен бала денсаулығын қорғау. Бұл бағытта босануға көмектесетін ұйымдар мен балалар ауруханаларын қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру міндеті тұр. Ең алдымен акушерлік, гинекология, перинатология орталықтарының инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы мәселелерді тездетіп шешуіміз қажет, – деп мәлімдеді ол Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде.

Алтай Көлгінов бұл істі Астанадан бастау қажеттігін айтты. Өйткені елорданың өзінде перинаталдық орталық тапшы.

«Аналардың қауіпсіз босануына жағдай жасау және өңірлердегі перинаталдық көмек көрсету сапасын арттыру бағытында кешенді іс-шараларды іске асыру маңызды. Оның ішінде әкімдіктермен бірлесіп перинаталдық орталықтар салуды және босануға көмектесетін, балалар медициналық ұйымдарын қазіргі заманғы жабдықтармен қамтуды тездету қажет. Алысқа бармай-ақ ­қояйық, осы Астананың өзінде кемінде екі перинаталдық орталық салу қажет. Ал өңірлерде қаншама мәселе бар?! Осыны назарға алу керек» деді Премьер-министрдің орынбасары.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button