Ел тынысы

Астанаға Моңғолия Президенті ұшып келді

Моңғолия Президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ухнаагийна Хурэлсуханы елордалық әуежайда Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды.

Моңғолия Президенті 3-4 шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады.

Моңғолия – 2004 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымында бақылаушы мәртебесін алған алғашқы мемлекет. Сол кезде бірлестік географиялық тұрғыда кеңейе түсті, бұл ШЫҰ-ның халықаралық беделінің артуына дәлел болды.

Қазақстан-Моңғол ынтымақтастығы аясында дәстүрлі достық саяси қатынастардан басқа, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимыл екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі екенін атап өткен жөн. 2023 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $133 млн құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 27,7%-ға өсім көрсетті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button