ЖаңалықтарСаясат

Астаналар арасындағы ынтымақтастық

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи және Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесті.

[smartslider3 slider=702]

Уфук Экиджи мырзамен мәдениет, экономика салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері, инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды талқылады. Сонымен қатар туризм саласындағы ынтымақтастық келешегі, атап айтқанда, екі елдің астаналары арасындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланды. Қалада түрік компаниялары бірқатар ірі жобаларды іске асыруда. Оның ішінде медициналық маскалар шығару, әмбебап көпсалалы аурухана салу және тағы басқалары бар.

Осы орайда А.Көлгінов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында экономикаға инвестиция тартудың және инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өткенін еске салды.

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесуде экология, көгалдандыру салаларындағы ынтымақтастық жоспарлары, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, энергия үнемдеу технологияларын енгізу және тағы басқа мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button