Ел тынысы

Астаналық конькиші – Қазақстан чемпионы

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды. Бүгін 1500 метрге жарысудан жеңімпаздар белгілі болды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ерлер арасында Әділ Ғалиахметов (Астана) чемпион атанды. Екінші орынды Нұртілек Қажығали, қоланы Богдан Вехов иеленген.

Әйелдер арасында астаналық Малика Ермек топ жарды. Күміс медальді Алина Әжіғалиева, қоланы Ольга Тихонова еншіледі.

«Алау» мұз сарайында өтіп жатқан Қазақстан біріншілігі 28 наурызда аяқталады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button