Ел тынысы

Астаналық өрт сөндірушілер газ баллоны жарылуының алдын алды

Астаналық өрт сөндіруші Абылай Қалижанов өрт апатының алдын алды, деп хабарлайды, astana-akshamy.kz

2 сәуір күні сағат 16.08-де Астана қаласы ТЖД бөлімшелері Армандастар көшесіндегі жеке үйде газ баллонының жанғаны туралы келіп түскен шақыртуға шықты.
№ 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері келгеннен кейін үйдің асхана бөлмесінде газ баллон, газ плитасы және жиһаздың жануы анықталды.
Жағдайды бағалай отырып, № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Абылай Қалижанов батылдық пен ерлік танытып, жанып жатқан газ баллонын шығарды, осылайша баллонның жарылуына және үй тұрғындарының мүлік шығына жол бермеді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерімен өрт сағат 16.25-те толығымен жойылды.
Құрметті тұрғындар, Астана қаласының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауларыңызды еске салады, өрт туындаған жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалыңыздар!

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button