Ел тынысы

Астаналық өрт сөндірушілер жиһаз жасайтын цехтегі өртті сөндірді

Бас қаладағы өрт сөндірушілер жиһаз жасайтын цехте шыққан өртті ауыздықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Бүгін таңертең сағат 08.44-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал көшесі бойындағы ангарда өрт шыққаны туралы хабарлама бойынша оқиға орнына жетті.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 500 шаршы метр аумақта жиһаз жасайтын өндірістік цехтың өртенгені анықталды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілер өрт ошағын сағат 10.14-те оқшаулап, сағат 12.23-те сөндірді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 54 адам мен 12 техника, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығынан 3 адам мен 1 техника жұмылдырылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button