Қоғам
Астаналық робот Темірбек экологиялық іс-шараға қатысты

Бүгін Астана қаласындағы Білім беру ұйымдарына «Таза Қазақстан» акциясы аясында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Жасыл клуб» жобасы аясында №103 орта мектебінде өткен экологиялық іс-шараға астаналық оқушылар құрастырған робот Темірбек те қатысты.
Іс-шараға келуші қонақтарды қарсы алған Темірбек оларға Астананың экологиялық жағынан таза қала болуының пайдасын түсіндіріп, қатысушыларды қоршаған ортаны қорғауға ат салысуға шақырды.