Жаңалықтар

Астаналық саябақта «ЯРКОкросс» қайырымдылық марафоны өтті

Спорттық шараға 1500 адам қатысты.

20160723_111215

Бүгін Астаналық саябақта «ЯРКОкросс» атты қайырымдылық марафоны өтті. Елорда әкімдігіне қарасты Ішкі саясат, спорт және мәдениет басқармаларының қолдауымен ұйымдастырылған бұл шараға 1500 адам қатысты.

Ойын шарты бойынша олар алдын ала таратылған аппақ жейделерді киіп алып, 5 шақырымды жүгіріп өтуі керек. Жолай орнатылған 5 станцияда еріктілер 5 түсті бояу әзірлеп тұрады. Қызылды-жасылды ұнтақтың арасымен мәреге жеткенде миссия орындалады.

«Осындай қайырымдылық акциясына қол ұшын бергеніме қатты қуаныштымын. Марафонға төленетін жарнаның бәрі Астанада ағаш егуге жұмсалады. Ортақ үйімізді көркейтуге үлес қосудың өзі үлкен ғанибет қой», – дейді еріктілердің бірі, Политеxникалық колледждің студенті Әли Сапарбеков.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button