Қоғам

Астаналық соттар қалай жұмыс істейді?

2024 жылы елорда соттарында Орталықтандырылған мұрағат құрылып, оған 1949 жылғы материалдарды қоса алғанда, 103 мыңнан астам қылмыстық және азаматтық істер сақтауға жіберілді. Осы және өзге де өткен жылдың қорытындылары, сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспары туралы Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Елдос Жұмақсанов Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Бұл өзгерістер судьялар мен қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартып қана қоймай, елордалық соттарға жүгінген азаматтардың жайлылығын қамтамасыз етті. Біз 2025 жылы инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмысты жалғастырамыз», – деді Елдос Жұмақсанов.

Өткен жылдың мамыр айында елорда соттарында Орталықтандырылған мұрағат құрылды. 1949 жылғы материалдарды қосқанда 103 мыңнан астам қылмыстық және азаматтық істер сақтауға берілді. Мұрағат жұмысының тиімділігін арттыру үшін құжаттарды алғашқы және қайталама ғылыми-техникалық өңдеу жүргізілді.

2024 жылы Астана соттары 27 мыңнан астам атқару парағын шығарды.

«Сот шешімдерінің орындалуын жақсарту – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Негізсіз бас тартуларды тексеру қорытындысы бойынша 10 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Біз бұл жұмысты одан әрі жетілдіретін боламыз», – деді Жұмақсанов.

2025 жылы департамент екінші жартыжылдықта қолданысқа енгізілетін «Төрелік 2.0» жаңа автоматтандырылған жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл платформа сот процестерін жетілдіріп, азаматтар үшін ашық әрі ыңғайлы етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button