Қоғам

Астаналық спортшы алтын алды

Қытайдың Үрімжі қаласында өткен жастар мен жасөспірімдердің халықаралық жеңіл атлетика жарысында қазақ­стандық спортшы Нұрбосын Мұратұлы 1500 метрде топ жарып, алтын медаль, 3000 метрде күміс медаль алды.

15 жастағы Нұрбосынды баптап, бағын ашқан жаттықтырушы Бағдәуір Үлкенбай болатын.

«Нұрбосынды бір жыл жаттықтырдым. Осы бір жыл ішінде ол 4 рет Қазақстан чем­пионы болды. Енді, міне, Қытайда өткен Қытай және Орталық Азиядағы 5 елдің 330-дан астам спортшысы қатысқан халықаралық жарыста 15-16 жас аралығындағы жастардың бәсекесінде топ жарып, чемпион болды. Ол бұрын бұл салада машықтанбаған, денесі де әлсіз еді, бірақ өте жігерлі, жапаға төзімді, қайсар бала. Сол қайсарлығының арқасында осындай нәтижеге қол жеткізді» дейді Бағдәуір.

Астана қалалық №9 балалар мен жас­өспірімдердің спорт мектебінде жеңіл атлетикадан тренер боп қыз­мет істейтін Бағдәуір Үлкенбай – Қытай қазақтарынан шыққан танымал жаттықтырушылардың бірі. Ол тәрбиелеген шәкірттер Бейжің қаласының марафоны сияқты Қытайдың ірі-ірі жарыстарында жүлде алған.

«Атажұртқа келгеніме бір жыл болды. Алға қойған бір мақсатым – Қазақстанда да мықты спортшылар тәрбиелеп, көк туымызды желбіретіп, елімізге үлесімізді, еңбегімізді сіңіру. Нұрбосын да шетелден келген қазақ, бағын ашып баптай білсе, әлі талай қазақ баласы ел абыройын асқақтатады» деді Бағдәуір Үлкенбай.

Қалиақбар ҮСЕМХАНҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button