Ел тынысы

Астаналық спортшы пара үстел теннисінен қола жүлдегер атанды

Елордалық спортшы Алтынай Ержанқызы пара үстел теннисінен лицензиялық ittf fa 20 турнирінде қола медальді иеленді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

6 – 9 наурыз аралығында Италия елінің Линьяно-Саббьядоро қаласында пара үстел теннисінен өткен лицензиялық турнирге әлемнің 43 елінен 300 спортшы қатысқан еді.

Осы жарысқа Астанадан барған спортшы Алтынай аралас жұп сынында Махулбеков Алимен XD17 классында өнер көрсетіп, жүлделі 3 орынды алды.

Алтынай Ержанқызы  – пара үстел теннисінен ҚР спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жүлдегері, Азия пара ойындарының қатысушысы.

“Басты мақсат – ұлттық құрама спортшыларының деңгейін арттыру. Наурыз айында Италия, Испания, Польша елдерінде лицензиялық жарыс жоспарланған. Бұл жарыстарда ұлттық құрама спортшылары қатарында – Алтынай Ержанқызы  ел намысын қорғайтын болады. Сондай – ақ, паралимпиадалық ойындары алдында соңғы лицензиялық турнир – Тайланд елінде өтеді.  Біздің көздегеніміз – паралимпиадалық ойындарына жолдама алу”- деді пара үстел теннисінің бас бапкері Арнұр Әбішев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button