Қоғам

Астаналық спортшылар шорт-тректен алтын медаль үшін сынға түседі

Бүгін Қытайдың Харбин қаласында IX Қысқы Азия ойындарында шорт-тректен жарыстар өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2000 метрге аралас эстафетаның ширек финалында қазақстандық спортшылар 2:45.431 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетіп, Жапония мен Тайбэй командаларын артта қалдырды. Команда сапында Астана қаласының қос спортшысы – Малика Ермек пен Абзал Әжіғалиев өнер көрсетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы аралас командалық эстафетада сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл кезеңде отандастарымыз екінші болып мәре сызығын кесіп, финалға шықты. Жартылай финалда ел намысын Астана қаласының спортшысы Әділ Ғалиахметов қорғады.

Айта кетейік, байрақты бәсекеде Астана қаласының атынан шорт-тректен бес спортшы өнер көрсетеді. Олар – Әділ Ғалиахметов, Малика Ермек, Мадина Жанбосынова, Айбек Нәсен және Абзал Әжіғалиев.

Финал 8 ақпанда Астана уақытымен 07:06-да басталады. Қазақстан құрамасы енді алтын медаль үшін таласады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button