Ел тынысы

Астаналық тәртіп сақшылары студенттермен кездесті

Елордалық полицейлер нашақорлықтың зияны, есірткі қылмысымен күресу, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылын сапалы жүргізу мақсатында Астана технологиялық колледжінің студенттерімен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Астана қаласы Полиция департаментінің Тәрбие және кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Арман Жолдығұлов студенттерді ішкі істер органдарының қызметімен таныстырып, полиция қызметіне қабылдау және Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орындарына жіберу шарттары мен тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, түйткілді мәселелер талқыланып, ағымдағы жылға бірлескен профилактикалық іс-шаралар жоспары жасалды.

Нашақорлықтың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс аясында полиция қызметкерлері есірткінің зияны, психоактивті заттарды қолданудың салдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы да мәселелер айтылды. «Диалог алаңы» барысында студенттер баяндамашыларды қызығушылықпен тыңдап, қосымша сұрақтарына нақты жауаптарын алды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button