Астаналық театрмен танысты

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының бас хатшысы (TURKSOY) Сұлтан Раев, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров, Қазақстанның Түрксойдағы өкілі Нышанкүл Қаратаева, осы ұйымның Қазақстан бойынша кеңесшісі, академик Кәрімбек Құрманәлиев, Түрксой халықаралық ұйымының бөлім басшылары Селим Езер, Арман Нұрмұхаммадұлы қонақта болды.
Меймандар театрдың шығармашылық труппасымен кездесіп, заманауи сахна өнерінің даму бағыты жайында ой бөлісті. Өнер ошағы репертуарындағы үздік қойылымдардың бірі, көрнекті жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің «Гауһартас» музыкалық драмасын (қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров) тамашалады.