Ел тынысы

Астаналық теміржолшы халықаралық конкурстың Гран-приін жеңіп алды

Астанада теміржол саласында  тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор болып еңбек ететін Әнел Хамитова Дубайда Middle East Сlassical Academy (MECA) үлкен фестивалі шеңберінде өткен Халықаралық байқауда Гран-при жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Байқауға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Армения, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің ұжымдары мен солистері қатысты. Елімізден К.Бәйсейітова атындағы, А.Жұбанов атындағы мектептер, ҚазҰӨУ, Құрманғазы консерваториясы да қатысты.

Әнел өзінің жұмысында, ұжымында ғана емес, сонымен қатар аспапта күнделікті жаттығуларда да талантты және еңбекқор жан екенін көрсетіп келеді. Байқауға олДмитрий Шостаковичтің «Прелюдия» және Серік Еркімбековтің «Отан таңы» пьесасын дайындады.

– Осы халықаралық байқауда біз кәсіби музыканттармен тең дәрежеде жарысып, Гран-приді жеңіп алдық! Скрипка мені шабыттандырады, жанымның бір бөлігі. Ол музыкантты өзі таңдайды, оны орташа деңгейде ойнау мүмкін емес — тек талант пен шеберлік, содан кейін ғана скрипкада ойнау тыңдаушыға қуаныш сыйлайды, – дейді Әнел.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button