Мәдениет

Астаналық зейнеткер әншілер Ресейдегі этно-фестивальге қатысты

Астана қаласының Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Арқа әуендері» халықтық вокалдық тобы Ресейдің Омбы қаласында өткен этно-фестивальге қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Мәдени шара Ұлтаралық және конфессияаралық «Творческая юрта» жобасының аясында Омбы қаласының 308-жылдығына орай ұйымдастырылды. Іргелес жатқан Омбы қаласына ансамбльдің көркемдік жетекшісі Кенжетай Жанұзакова мен музыкалық жетекшісі Темреш Кереев бастаған 10 өнерпаз ата-әжелер барды. «Арқа әуендері» халықтық вокалдық тобы ресейлік көрермендерді қазақ әндерімен және грек, грузин, орыс, үнді, татар тілінде орындалған басқа да әндермен қуантты. Домбыра мен баян аспаптарында орыс әндерінен поппурилер орындады.

Күй орындап, поэзия оқыды. Әсіресе, Н.В Зинькованың «Мой город Омск!» атты шығармасын көрермендер ерекше қабылдады. Омбы қаласының тұрғандары өнерлі әжелерімізге ризашылықтарын білдірді. Өнерпаздарға Омбы қаласы Әкімшілігінің Мәдениет департаменті атынан алғыс хат табыс етілді. Астана қаласының зейнеткерлерінен құралған өнер ұжымына биыл 11 жыл. Олар үнемі ізденіс үстінде, репертуарларын жаңа әндермен толықтырып, ән сүйер қауымын қуантуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button