Елорда тынысы

Астаналықтар 59 мыңға көбейді

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Астана халқының саны 1 354 435 адамды құрады. Бір жылда халық саны 59 мыңға артты.

Ал елімізде жалпы 19765004 мың адам тұрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оның ішінде қалалықтар – 12208,2 мың, ауылдықтар – 7556,7 мың адам. Табиғи өсім есебінен халық саны 268791 адамға өсті. 6946 көрсеткіш есебімен көші-қонның теріс айырмасы байқалды. 2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 261845 адамға өскен. Республика бойынша ең көп өсім – Алматы қаласында, ал Астана – екінші орында. Елордадағы халық өсімі 58 мың 724 адамды құрады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button